Белгілі тәлімгер, айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек тұрмысқа шықпаған қыздарға кеңесін айтты. Ол болашақ жардың қандай мінезіне мән беру керегін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мұхамеджан Тазабектің сөзінше, ер адамның басты нәрсесі - мінезінің көркемдігі.
"Абьюзер деген сөз тілімізден түспейтін жағдайға жеттік. Абьюзер деген кім? Өзі дұрыс тәрбие алмаған және біреудің өміріне қол сұғып жатқан адам. Сондықтан егер ер азаматыңыз үйленбей тұрғанда боқтай ма, ұруға көңілі кете ме, дөрекілік таныта ма - біліңіз, ол нәрсе көбеймесе азаймайды. Неге? Еркектің өзі жаман қылықтарын жасыратын уақыты - үйленгенге дейінгі уақыт еді. Сол үйленгенге дейінгі уақытында боқтайтынын, сөзінде тұра алмайтынын, жігіт басымен сенен ақша сұрап, сені кредитке кіргізгісі келіп, былайша айтқанда материалдық пайда көргісі келіп тұрған пиғылын байқадыңыз ба? Ол негізі әлі байқатпайтын уақыты еді. Некең қиылған жоқ, тойың өткен жоқ. Бірақ сол кездің өзінде сыр көрсетті ме? Ертең үйленіп, ешқайда кете алмайтын әйелі болғаннан кейін ол нәрсе одан бетер артпаса - кемімейді".
@balzyashkaaaaa♬ оригинальный звук - Хиджабтағы қыз
"Құрметті қыздар, сіздер Құдайдың құрметті қылып жаратқан құндылықтарысыздар. Сіз біреудің қызысыз, сіз біреудің аяулы аруысыз. Әкеңіз еркелеткен шығар, шешеңіз аялаған шығар. Бірақ сіз сол мәпелеген ғұмырыңызды қоғамда ойынқұмар, лудоман болған, жатып көрген, шегіп көрген, жүріп көрген бір адамның кезекті тәжірибесі болып кетпеңіз. "Бір қызды алып едім, алты ай тұрып едім, бір жыл тұрып едім, ұнамады" дейтін хронологиясының ортасындағы парақ болып кетпеңіз. Сізге басыңыз бос, бойдақ кезіңізде сенім ұялата алмады ма, ары қарай өмірдің келесі кезеңінде ол нәрсе күшейеді, көбейеді", - дейді айтыскер ақын.
Мұхамеджан Тазабек отбасылы ер адамға тұрмысқа шыққысы келетін қыздарға кеңес берді
Еске салайық, бұған дейін Мұхамеджан Тазабек әйелімен қалай танысқанын айтқан болатын. Оның сөзінше, Құдайдан өзіне лайық жарды көп сұраған.
Сонымен қатар, оқырмандарының бірі Мұхамеджан Тазабектен қанша әйелі барын сұраған.
"Бір ғана әйеліңіз бар ма?" - деп сұраған оқырманы.
"Иә", - деп жауап берген Мұхамеджан Тазабек.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!