- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Ішегім түйілді". Қайрат...
"Ішегім түйілді". Қайрат Нұртас Желіде қызық видео жариялады
Белгілі әнші Қайрат Нұртас Instagram-парақшасында отбасылық демалыстан қызық видео жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"Бұл паранойя", - деп жазды әнші.
Жұлдыз Абдукаримованың сөзінше, отбасылық видеоларды саларда таласып қалады екен.
"Әйел күйеуінен бұрын ұйықтайды дегенге сенетін ерлер бар ма? Бізді ұйықтап қалды деп ойлап, өздеріңіз "ұйықтап қалып" жүрмеңіздер.
Бірге бір видео түсірсек, "мен бірінші саламын" деп таласамыз. Қайраттан көрсеңіздер де бірінші рет көргендей қарайсыздар ғой, иә", - деді Жұлдыз Абдукаримова.
Оқырмандар Желідегі видеоға жағымды пікірлер жазып, ажырамай бірге жүргендеріне тілеулес екенін білдірген:
"Жандарым, балам мен келінім сияқты шын қуанамын, бірге көрсем сендерді", "Өлдім ғой күлкіден", "Бақытты болыңдар, бала-шағаңның қызығына тоймай", "Жүректі ұшырды ма, Қайреке", "Бірге болыңдаршы әрқашан. Жарайсыңдар", "Мәәә, қорқынышты кинодағыдай түсіріпсіңдер ғой", "Ішегім түйілді ғой көріп алып. Қайрат шынымен, қорыққандай ғой...", "Ажырамай жүріңіздерші", - деп жазған пікір білдірушілер.
Ж. ҚадыржановаПосмотреть эту публикацию в Instagram