Алматыда ер адам енесін зорлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жантүршігерлік ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Жазба авторы анасын күйеу баласы зорлағанын айтқан. Мәліметке сүйенсек, оқиға 17 тамызда болған. Жәбірленуші - 1961 жылы туған әйел.
Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі желіде тараған жағдайға қатысты пікір білдірді.
"Бұл дерек бойынша Әуезов аудандық полиция басқармасы соталды тергеу бастады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның әрекетіне құқықтық баға беріледі. Кінәсі дәлелденген жағдайда Қазақстанның заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады", - деді ПД өкілі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова