- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шавкат Рахмонов Қобда...
Шавкат Рахмонов Қобда ауданында су тасқынынан зардап шеккен бір отбасыға үй салып береді
Фото:
Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қазақстандық аралас жекпе-жек файтері Шавкат Рахмонов Қобда ауданының Қобда ауылына барып, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындармен кездесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Cпортшы қобдалықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады. Қиын кезеңді бастан өткерген халықпен әрдайым бірге екенін айтты.
Қолдау ретінде бір отбасыға үй салып беретінін қуанышпен жеткізді.
"Наурыз мейрамымен баршаңызды құттықтаймын. Керемет күнде 24 үйдің қазығы қағылып жатыр. Мен де бұл бастамаға өз үлесімді қосамын деп шештім. "Апат айтып келмейді" дейді. Сынақтарға мойымай, жеңе білдіңіздер. Сіздерге денсаулық, бақыт тілеймін. Тек алға!", - деді Шавкат Рахмонов.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан