Шавкат Рахмонов қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Шавкат Рахмонов қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов Қазақстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол жеңісінен кейін Instagram-дағы парақшасында командасымен бірге Қазақстанның Туын ұстап тұрған фотосын жүктеді. 

"Тәуелсіздік күні құтты болсын! Қазақ Елі,жеңіспен????", - деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Shavkat Rakhmonov (@shavkatrakhmonov94)

Еске салайық, бұған дейін Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов (17-0) Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) UFC 296 турнирінде жеңіске жеткенін жазған едік.

Оның қарсыласы америкалық Стивен Томпсон (17-7-1) болды.

Лас-Вегастағы UFC 296 турнирінің басты картасындағы жекпе-жек 3 раундқа есептелген, бірақ 2- раундта аяқталды.

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп UFC турнирінде қазақстандық Шавкат Рахмонов пен Стивен Томпсонның жекпе-жегін тамашалады.

Шавкат Рахмонов Лас-Вегаста өткен UFC 296 турнирінде қылқындыру әдісімен 6-рет қатарынан уақытынан бұрын жеңіске жетіп, тарихқа енді.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан