Манчестерде өткен UFC 304 турнирінде жартылай орта салмақта жаңа чемпион анықталды. Басты жекпе-жекте америкалық (тегі палестиналық) Белал Мұхаммед британдық (тегі ямайкалық) Леон Эдвардстан басым болды. Осылайша қазақстандық Шавкат Рахмонов бақ сынайтын салмақта жаңа чемпион белгілі болды.
Екі спортшы арасындағы жекпе-жек жоспарланған 5 раундқа созылды. Төрешілер шешімі бойынша Белал жеңіске жетті.
Қазақстандық Шавкат Рахмонов кездесу соңынан Белал Мұхаммедті жекпе-жекке шақырды. Бұған дейін Белал Шавкатпен шайқасуға дайын екенін айтқан болатын.
Белал, жеңісіңмен құттықтаймын! Енді айтқан сөзіңде тұрып, дайын болғаныңда маған қарсы чемпиондық атағыңды қорғайды деп ойлаймын, - деді қазақстандық спортшы.