Қазақстандық Шавкат Рахмонов (16-0) UFC-дегі келесі жекпе-жегін 15 қаңтарда өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
ESPN журналисі Бретта Окамотоның мәліметінше, 27 жастағы Рахмоновтың қарсыласы 32 жастағы америкалық Джефф Нил (15-4) болады.
"Дереккөздер ақпаратына сүйенсек, Джефф Нил мен Шавкат Рахмонов арасындағы жекпе-жек 15 қаңтарға ауызша келісілген. Рейтингтің алтыншы және оныншы нөмірі жартылай орта салмақта үш раундтық жекпе-жек өткізеді", - деп жазды Окамото Twitter-парақшасында.
Рахмонов кейінгі жекпе-жегінде америкалық Нил Мэгниді жеңген болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!