- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- “Шашынан сүйреген“. Балалар...
“Шашынан сүйреген“. Балалар омбудсмені Шымкенттегі оқиғаға қатысты пікір білдірді
Шымкенттегі балабақшада соққыға жығылған бүлдіршіннің әкесі балалардың, отбасының және әйелдердің құқықтарын қорғауға қатысты барлық мәселелер бойынша өтініштерді қабылдайтын 111 қызметіне хабарласты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева мәлімдеді.
Зәкиеваның айтуынша, баланың әкесі 111-ге 5 қыркүйекте хабарласқан.
"Біз бұл дерек бойынша қалалық білім бөлімімен және полиция бөлімімен жұмыс жүргіздік, қазір тергеу нәтижесін күтіп жүрміз", - деді Зәкиева.
Еске салайық, бұған дейін желіде балабақша қызметкерінің балалардың төсегіне жақындап, баланы еденге қалай лақтырып жібергені бейнеленген видео тараған болатын. Содан кейін ол еденде отырған қызды тұрғызу үшін қолынан жұлқылап, тұрмаған соң аяғынан ұстап, еденнің үстінде сүйреген. Тағы бір баланы бетінен ұрып, төсекке қарай итеріп жіберген.
Оқиға туралы ақпарат белгілі болған соң Шымкент білім басқармасы қызметкердің жұмыстан босатылғанын хабарлаған болатын.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Ибраева