Өзбекстанда ер адам туыстарымен бірге әйелін соққыға жыққан, - деп хабарлайды Nuz.uz.
Басылым мәліметінше, төрт ер адам әйелдің қол-аяғын байлап, шашын қиып тастаған. Содан кейін оны қамшымен ұрып-соққан.
Қашқадария облысы Ішкі істер департаментінің мәліметінше, 2022 жылғы 9 шілдеде сағат 23.30-да Яккабаг ауданында тұратын Ю.Е., Ю.Б., Ю.Р. және Ю.Х. К.М.-ға шабуыл жасап, аяқтарын байлап, шашын қиған. Басылым мәліметінше, олар әйел опасыздық жасады деген сылтаумен осындай әрекетке барған.
Салдарынан К.М. жарақат алып, Яккабаг аудандық медициналық бірлестігіне жатқызылған.
Бұл жағдайға байланысты Яккабаг ауданының ІІБ тергеу бөлімі Ю.Э., Ю.Б. және басқаларға қатысты қылмыстық іс қозғаған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.