“Шашын жұлып, ұрған“: Таразда әйел асырап алған балаларын қорлаған

“Шашын жұлып, ұрған“: Таразда әйел асырап алған балаларын қорлаған
Фото: Видео кадры

Әлеуметтік желіде Таразда әйел қамқорлығына алған балаларды ұрып-соққаны көрінетін видео тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видеоны журналист Руслан Өтепбай жариялады. Кадрларда әйел кішкентай қыздың шашын жұлып, басқа балаларды да ұрып жатқаны көрінеді.

"Бәрі белгілі болды. Қиналып жүрген тек Құндыз бен Назгүл емес екен. 29 желтоқсанда балаларды қамқорлығына алған әйелдің үстінен ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Арызданушылар - асыранды балалары", - деді журналист.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Руслан Есмагамбетов (@ruslan_utepbai)

Бұл жағдайға Тараз әкімінің орынбасары Ұлана Сламбекова пікір білдірді. Шенеуніктің айтуынша, бұл оқиға 2025 жылғы 29 желтоқсанда анықталған.

"Сол күні балалар мектепке келген кезде білім беру мекемесінің психологі олардың денесінен ұрып-соғу белгілерін байқаған. Осы дерек негізінде полиция қылмыстық іс қозғап, балалардың заңды қамқоршысы ретінде көрсетілген З.Т. есімді әйелге қатысты тергеу басталды. Нәтижесінде кәмелетке толмаған балаларды қамқорлығына беру туралы қаулының күші жойылды", - деді әкімнің орынбасары.

Балалар 2025 жылғы 29 желтоқсаннан бастап арнайы бейімдеу орталықтарына орналастырылған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget