- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Шашым түсіп, ештеңеге...
"Шашым түсіп, ештеңеге тәбетім жоқ". Танымал актриса денсаулығы сыр бергенін айтты
Танымал актриса соңғы кезде денсаулығы сыр бергенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Көптеген киноларда төбе көрсеткен актриса Фариза Ескермес оқырмандарына өзінен үлгі алмауға шақырды. Соңғы кезде тым арықтап кеткенін, денсаулығы сыр беріп жүргенін жеткізді. Бұл туралы өнер иесі өзінің instagram парақшасына жазып, жариялады.
"Достар, менен үлгі алмаңдар. Мен арықпын, бірақ денсаулығым сыр беріп жүр. Шашым қатты түсіп жүр, ештеңеге тәбетіп жоқ. Бұл жақсы нәрсе емес. Қазір ағзамдағы темірді көтеру үшін дәрі ішіп жүрмін. Сымбатты мүсін денсаулығың жақсы дегенді білдірмейді. Өз-өздеріңізбен болыңыздар. Спортпен айналысыңыз, пайдалы тағам жеңіз, өмірден рахат алыңыз", - деп жазды ол.
Сондай-ақ, актриса басқа қыз-келішектер секілді қазан-ошақтың басында жүрмейтінін айтты.
© instagram.com/yeskermes_fariza
"Мен үйде тамақ жасамаймын. Тамақ жасағанды ұнатпаймын, оның үстіне ол нәрсе қолымнан келмейді. Күнде дәмханаларға барамын, тапсырыс беремін немесе түсірілім алаңында тамақтанамын", – дейді актриса Фариза Ескермес.
Айта кетейік, бұған дейін біз актриса Фариза Ескерместің неліктен таңдауы шетел азаматына түскені туралы жазған болатынбыз. Ол туралы осы жерден оқи аласыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы