- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шаштың түсуі: қандай...
Шаштың түсуі: қандай жағдайда маманға көріну керек?
Шаш жағдайымен қатысты проблемаларды әйелдер ауыр қабылдайды. Шаштың көп түскенін байқаған олар уайымға салынып та кетеді. Трихолог маманына қандай жағдайда көріну керек? Негізгі белгілерді ұсынамыз, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шаш белсенді түсе бастаса, шашыңыздың жұқарып кеткені көзге көріне бастаса, шаш жалтырлығын жоғалтса, бас терісінің майлылық деңгейі өзгерсе, әсіресе, қайызғақ жиі пайда болса, маманға көріну керек.
Шаш түсуінің жиі кездесетін себептері
Генетика. Андрогенетикалық алопеция - бұл тұқым қуалайтын ауру, бұл кезде андроген деңгейі шаш фолликулаларына әсер етіп, олардың біртіндеп семуін (атрофия) тудырады. Нәтижесінде шаш жұқарады, қысқарады және біртіндеп өсуін тоқтатады.
Қандай да бір ауыр ауру. Ауыр аурулар мен инфекциялар шаштың уақытша түсуіне әкелуі мүмкін. Оны қалпына келтіру уақытты алуы мүмкін, ал кейбір жағдайларда шаш бұрынғы күйіне оралмауы мүмкін.
Экология. Шаш саулығына нашар экология да жағымсыз әсер етеді. Ауаның ластануы, құрамында зиянды заттары көп су ішу, ультракүлгін сәулелену - бұл факторлар шаш түсуіне әкелуі мүмкін.
Спорттық тамақтану. Спорттық тамақтанудың кей түрлерінің құрамында гормондар немесе әйел ағзасындағы андрогендер деңгейіне әсер ететін, өз кезегінде шаш түсуіне әкелетін заттар болуы мүмкін.
Диеталар. Қатаң диеаталар, әсіресе арнайы маманның кеңесінсіз ұстаған диеталар қажетті дәрумендер мен минералдар тапшылығын тудыруы мүмкін. Ол шаш саулығы мен жағдайына жағымсыз әсер етеді.
Сондай-ақ шаш түсуін ынталандыратын бірқатар медициналық факторлар бар. Мысалы: темір тапшылықты анемия, гипотиреоз және т.б.
Сонымен қатар, дәрумендер жетіспеушілігі, бірден салмақ тастау, кей дәрілер ішу де шаш түсуіне әкелуі мүмкін.
Трихолог маманына көріну керегін білдіретін белгілер
- Бастағы шаштың азайып қалуы. Егер шашыңыз сиреп қалғанын, әсіресе, маңдай-желке тұсында шаштың азаюы маман кеңесін алуға себеп.
- Маңдай-желке тұсында шаш түсінің өзгеруі. Бұл аймақтағы шаш түсінің ашық түске өзгеруі басталып келе жатқан проблеманы білдіруі мүмкін.
- Генетикалық бейімділік. Егер анаңыздың жағынан тақыр бас болу жағдайлары бар болса, оның алдын алу үшін маманмен кеңесу керек.
- Жастықта немесе жуынатын бөлмеде түскен шаштың өте көп болуы.
Шаштың көп түсетінін байқаған әйел уайымдауы және күйзеліске түсуі мүмкін. Алайда көп жағдайда дұрыс тамақтану, шашқа дұрыс күтім жасау және уақытында маманға көріну бұл проблеманы алдын алуға немесе тоқтатуға көмектеседі.
Оқи отырыңыз: Су шашпен ұйықтауға бола ма?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жапатова