- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шашты тіс щеткасымен...
Шашты тіс щеткасымен жуу оны майланудан сақтайтыны рас па?
Егер бас терісінің тез майланып кетуінен шаршаған болсаңыз, сусабын мен скраб та бұл мәселені шешуге көмектесе алмаса, әлеуметтік желіде танымал болған әдісті қолданып көріңіз. Шашыңызды тіс щеткасымен жууды әдетке айналдырыңыз, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде жаңа лайфхак пайда болды. Қыздар бас терісін тіс щеткасымен жуып, бұл оның майлылығын азайтатынын айта бастады. Әлеуметтік желідегі бьюти-блогерлер бұл әдістің шынымен іске жарайтынын жарыса жазып жатыр.
Тіс щеткасының жұмсақ қылшықтары бас терісін мұқият тазартады, өлі тері жасушаларын және артық майды кетіреді екен. Бұл әдіс сондай-ақ қан айналымын жақсартады, осылайша шаш пен теріге оң әсер етеді.
Бұл әдістің кәдімгі скрабтан айырмашылығы - тіс щеткасы теріні тітіркендірместен қысымды бақылауға және май бездеріне зиянын тигізбеуге мүмкіндік береді.
Алайда басты тіс щеткасымен жуу кезінде мына ережелерді есте сақтаған жөн:
Теріні зақымдамау үшін жұмсақ қылшықтары бар щетканы қолданған дұрыс.
Сусабынды жаққанда бас терісін щеткамен ақырын уқалаңыз. Бұл тері тесігін тереңірек тазартуға және артық майды кетіруге көмектеседі.
Терінің шектен тыс құрғап кетуіне жол бермеу үшін щетканы аптасына бір реттен артық пайдаланбаңыз.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева