Шашты тым ыстық суға жуу шашты да, бас терісін де зақымдауы мүмкін. Стилист және шаш күтімі бойынша сарапшы Россано Ферретти шашты қандай су температурасында жуу керегін түсіндірді , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижелеріне сәйкес, ыстық душ қан қысымын жоғарылатып, тері жасушаларын табиғи ылғалдан тазартады, терінің қабыршақтануы мен қышуын тудырып, экзема мен псориаз сияқты аурулардың жағдайын нашарлатады.
Ең дұрысы, шашты жууға арналған судың температурасы 37-ден 40,5 градусқа дейін болуы керек.
"Бұл дене температурасынан сәл жоғары", - деді маман.
Сондай-ақ, маман сусабын мен кондиционерден кейін шашты салқын сумен шаюды ұсынды. Бұл шаштың ылғалдылығын сақтап, оның жылтырлап тұруына әсер етеді.
Айта кетейік, бұған дейін шашты дұрыс жуудың 10 ережесі хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Алқабилер соты деген не?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!