Шашқа ақ түспеуі үшін қандай тағамдар жеу керек?

Шаш түсіп, нашар өсе бастаса, бұл күтімнің жетіспейтінін білдіреді. Шашқа арналған дәрумендер оны қалыпқа келтіруге көмектеседі. Бұл туралы "Вечерний Москва" басылымына дерматолог, косметолог Лилия Дышлевая айтып берді.

А дәрумені

Сарапшының айтуынша, ретинол жетіспеушілігі шашқа бірден әсер етеді: баяу өседі, табиғи жылтыры жоғалады.

"Әдетте күтімге А дәрумені бар жақсы маска қоссаңыз, шашыңызды қалпына келтіріп, нығайта аласыз", - деді дәрігер.

Косметологтың айтуынша, А дәрумені жануарлардан алынатын өнімдерде көп кездеседі:

  • ет;
  • тауық жұмыртқасы;
  • майлы балық;
  • сары май;
  • ірімшік.

В тобы дәрумендері


"В дәрумені шаштың түсуіне жол бермейді, күш беріп, құрғақты жояды. В9 дәрумені ақ шаштың алдын алады. В12 бас терісінің қанмен қамтамасыз етілуін, шаш фолликулаларының өсуін жақсартады, - деп түсіндірді косметолог.

Сонымен қатар, В дәрумені тамырларды нығайтады, қайызғақтан, бастың қышуынан, тітіркенуден арылуға көмектеседі. Олар липидтердің тепе-теңдігін қалыпқа келтіреді, шаштың түсін және метаболизм процестерін жақсартады.

В дәрумендерінің жетіспеушілігін өтеу үшін диеталық қоспаларды қолдану дұрыс емес.

  • ет;
  • жұмыртқа;
  • сүзбе;
  • сүт;
  • балық;
  • жаңғақтар;
  • қарақұмық жармасы.

С дәрумені

Дәрігер аскорбин қышқылы шаш өсу процесіне көмектесетінін айтты. С дәруменін тамақпен бірге қабылдау керек. Мысалы:

  • жаңа піскен көкөністер;
  • жемістер;
  • көкөніс;
  • цитрус.

Е дәрумені

Косметологтың айтуынша, бұл - тағы бір маңызды элемент, ол дәруменсіз керемет нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.

Е витаминінің көп мөлшері мына өнімдерде болады:

  • өсімдік майларында;
  • күнбағыс тұқымдарында;
  • бауырда;
  • сиыр етінде;
  • сүт өнімдерінде;
  • жаңа піскен көкөністерде;
  • жемістерде.