"Шарын" ұлттық паркінде сабаншы видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде Қызыл кітапқа енген сабаншы фототұзаққа түсіп қалды.
"Сабаншы - аса сақ әрі жасырын тіршілік ететін жыртқыш сүтқоректі аң. Мысықтар тұқымдасына жататын жануар денесінің бір шаршы сантиметрінде 9 мыңға дейін түк өсуі мүмкін. Сондықтан олар -50°C суыққа шыдайды", - делінген хабарламада.
Елімізде 1976 жылдан бастап сабаншыны аулауға тыйым салынған.
2019 жылғы Ұлттық статистика мәліметі бойынша, елімізде тек 94 бас сабаншы қалған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз