- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шарын өзені маңында...
Шарын өзені маңында адасып кеткен жеті адам құтқарылды
Фото:
видеодан алынған кадр
22 наурызда Ұйғыр ауданында 7 адам демалмақ болып, Шарын өзенінің жағасына шыққан. Алайда олар адасып басқа жерге барып, қайтып өз беттерінше орала алмаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар департаменті республикалық жедел құтқару жасағының 20 қызметкері 5 техникамен шығып, адамдарды эвакуациялады және олардың көліктерін де шығарды.
"Құтқарылған адамдар медициналық көмек қажет етпеді", - делінген хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан