Тони Фроули өзінің хал-жағдайын елемей, бүкіл өзгерісті көп жұмыс жасап жүргенінен көрген. Алайда әйелі оны дәрігерге қаралуға көндірген. Енді ер адам қатерлі ісіктің қалай дамитынын көп адам білгенін қалайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Мirror.co.uk-ке сілтеме жасап.
60 жастағы Тони Фроули аспаз болып жұмыс істейді. Жақында ер адам үйінің жанынан өзінің пиццериясын ашуға дайындалып, тағам рецептерін жетілдіріп, келесі жылға жоспар құрды. Алайда ол бизнесті алға жылжытуды кейінге қалдыруға мәжбүр болды. Оның мейрамханасы бас аспаздың басшылығымен бірнеше күн ғана жұмыс істеді, содан кейін Тони өзінің диагнозы туралы білді: өңеш қатерлі ісігінің төртінші сатысы. Ол барлық жұмысын тастап, тек денсаулығына назар аударуға мәжбүр болды.
Ер адамның айтуынша, бәрі шаршаудан басталды. Ол бұрын аптасына екі рет жекпе-жек өнерімен айналысатын, бірақ көп ұзамай жаттығуға баруды тоқтатты. Оның оған күші қалмайтын.
"Мен әдеттегіден жиі шаршай бастадым, бірақ мен оны жаңа мейрамхана ашумен байланыстырдым", - дейді Тони.
Көп ұзамай ер адам кеудесінде ауырлық сезіне бастады, жұтыну проблемалары пайда болды, кейде қыжыл мазалайтын. Бірақ ол дәрігерге бармаған. Ол бәріне көп жұмыс істеу және дұрыс тамақтанбау себепші екеніне сенімді болды.
Бір күні Тони өзіне жеуге сэндвич алады, бірақ оны дұрыс жей алмады - құса берді.
"Мен оның дәмін көрдім, содан кейін құса бастадым. Кеудемде қатты ауырсыну болды, тыныс алуым және жұтуым қиындады. Басында менің оған аллергиям бар шығар деп ойладым", - дейді Тони.
Бірақ көп ұзамай Францияға сапар кезінде осы жағдай қайталанды. Ер адам тамаққа тапсырыс берді, алайда ол тамақты бірден құсып тастайды. Содан кейін Тонидің әйелі Анна оны дәрігерге баруға көндірген. Тексеруден кейін дәрігер өңеш қатерлі ісігінің төртінші сатысы деп диагноз қойды.
Тонидің айтуынша, бұл оның бүкіл отбасы үшін күтпеген жаңалық болды. Ол дереу емдеуді бастады. Болжамдар екіжақты болды, сондықтан туыстары ең қиын нәтижеге дайындалды.
Тони әлсірететін химиотерапия мен радиотерапиядан өтуге мәжбүр болды, емдеу бірнеше айға созылды. Содан кейін ер адамды 13 сағатқа созылған операцияға алып кетті. Дәрігерлер оның жүрегіне қауіпті жақын орналасқан ісікті алып тастады.
"Мен өзіме келгенде, маған акула немесе басқа нәрсе шабуыл жасаған сияқты көрінді. Операция ауқымды болды. Мен 82 келіден 53 келіге дейін арықтадым", - деп еске алады ол.
Тони қазір қалпына келіп жатыр. Алда қарқынды терапия, емдеу, дәрігерлердің тұрақты тексерулері бар. Бірақ ер адам өте бақытты екенін айтты. Өйткені ол аман қалды!
Тони барлығын профилактикалық тексеруден өтуге, сондай-ақ өз жағдайларына аса мән беруге шақырады. Шаршауды және қауіпті емес болып көрінетін басқа белгілерге де мән беріңіз.
"Тек өз бизнесіңіз туралы ойлау - өзімшілдік. Егер олар мені жоғалтып алса, менің отбасыммен не болатынын елестете алмаймын. Өзіңізге және денсаулығыңызға қамқорлық жасаңыз - бұл бізде бар ең құнды нәрсе", - деп қорытындылады Тони.
Оқи отырыңыз: Өңеш қатерлі ісігінің белгілері
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!