Жайдарманшы, танымал блогер Мереке Қалбаева әлеуметтік желідегі парақшасында қазір қандай күйде жүргенін айтып, сырын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Үй, бала-шаға, жұмыс, тұрмыстық шаруалар... барлығы оңай деп ойлайсыңдар ма? Шынымды айтсам, шаршап кеттім. Күнде бала қараудан, тамақ жасап, үй жинаудан, тағы ештеңе болмағандай өз жұмысыма келіп өтірік күліп, өтірік күшті болып жүруден шаршадым. Қиналып кеттім, бұлай жалғастыру мүмкін емес... Құтқарыңдаршы мені", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Араға біраз уақыт салып блогер жоғарыда жазғандарына ешкім "көмектесейін" деп көмек қолын созбағанын айтып, бір ренжіп алды.
"Ешкім көмектеспейді, себебі проблема барлығында бар. Мен осылай жазғанда "ой, мынау қуады екен" деген шығарсыңдар. Барлығымызда проблема бар ғой, айтыңдаршы, иә? Сол проблеманы шешуге тырысып жатқандар бар ма? Бұл өмір солай. Оңай емес, бірақ ондай қатты қиын да емес", - деп жазды жайдарманшы.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!