Ерсайын Нағаспаев өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Ерсайын Нағаспаев 2021 жылы сәуірден бастап "ҚТЖ" ұлттық компаниясында жұмыс істеді. Кейінгі уақытта "ҚТЖ "ҰК" АҚ-да жаңа жобалар бойынша басқарушы директоры болды.
Айта кетейік, бұған дейін 2023 жылғы 4 қыркүйектен бастап министр лауазымын Қанат Шарлапаев атқарды. Бүгін ол Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова