Шарлапаев тағы бір қызметінен айырылды

Шарлапаев тағы бір қызметінен айырылды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі директорлар кеңесінің құрамы өзгерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ жалғыз акционерінің 14 қазандағы шешімімен Қанат Шарлапаев қоғамның директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды", - деп жазылған хабарламада.

Енді директорлар кеңесі тоғыз адамнан тұрады.

Еске салайық, бұған дейін Қанат Шарлапаев Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметінен босатылды.

Артынша "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget