Мемлекет басшысының экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Қанат Шарлапаев "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорында жаңа лауазымға ие болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Самұрық-Қазына" жалғыз акционерінің 2025 жылғы 12 сәуірдегі шешімімен Қанат Шарлапаев қоғамның директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.
Енгізілген өзгерісті ескере отырып, "Самұрық-Қазына" директорлар кеңесі жеті адамнан тұрады:
- Олжас Бектенов - кеңес төрағасы, премьер-министр;
- Қанат Шарлапаев - директорлар кеңесінің мүшесі, Президенттің көмекшісі;
- Вонг Хэн Файн – "Самұрық-Қазына" тәуелсіз директоры;
- Нұрлан Жақыпов – "Самұрық-Қазына" басқармасының төрағасы;
- Болат Жәмішев - "Самұрық-Қазына" тәуелсіз директоры;
- Лука Сутера - "Самұрық-Қазына" тәуелсіз директоры;
- Мұхаммед Жамил Әл Рамахи - "Самұрық-Қазына" тәуелсіз директоры.
Қанат Шарлапаев туралы не белгілі?
1981 жылы Ресей Федерациясында туған. Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін, Крэнфилд менеджмент мектебін (Ұлыбритания) бітірген. Мамандығы бойынша экономист, қаржы және басқару магистрі.
- Еңбек жолын 2003 жылы Ресей Федерациясының Петрокоммерц банкінің Клиенттерді басқару басқармасының менеджері болып бастаған.
- 2006-2008 жылдары "Сити" инвестициялық банкінің Лондон (Ұлыбритания), Прага қалаларындағы (Чехия) Қаржы департаментінде маман болып жұмыс істеген.
- 2008-2014 жылдары "Сити" инвестициялық банкінің (Ұлыбритания) нарықтағы акциялар жұмысы жөніндегі өңірлік дивизионының аға талдаушысы, вице-президентінің көмекшісі, вице-президенті болған.
- 2014-2015 жылдар аралығында Ұлыбританияның "Сити" инвестициялық банкінің Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша Стратегиялық жоспарлау және талдау өңірлік тобының вице-президенті лауазымын атқарған.
- 2015-2017 жылдары Қазақстанның Сити банкінде бас қаржы директоры, басқарма төрағасының орынбасары, аға вице-президенті болған.
- 2017-2020 жылдар аралығында Ресей Федерациясының "Сити" инвестициялық банкінің Ресей, Украина және Қазақстан бойынша бас қаржы директоры, аға вице-президенті болып жұмыс істеген.
- 2020 жылы "Сити" инвестициялық банкінің (БАӘ) Африка, Таяу Шығыс пен Шығыс Еуропаның дамушы нарықтарындағы стратегия, жоспарлау және талдау жөніндегі өңірлік директоры лауазымына тағайындалған.
- 2022 жылғы ақпаннан бастап "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметін атқарған.
- 2023 жылғы 4 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалды.
2025 жылы 28 ақпанда Қанат Шарлапаев Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!