Шариғатта ер адамға ақ алтыннан жасалған сақина тағуға рұқсат етілген бе?

Шариғатта ер адамдарға алтын жүзік тағуға тыйым салынған. Ал ақ алтыннан жасалған сақина тағуға бола ма? Бұл сұраққа Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының "Шариғат және Пәтуа" бөлімінің маманы Елбек Тасболатұлы "Жауабы бар" бағдарламасында жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елбек Тасболатұлы бұйымның реңіне емес, құрамына мән беру керек екенін ескертті.

"Алтынның ішіне қосатын қоспаларына байланысты реңі өзгереді екен. Мыс немесе басқа да металдар қосуы мүмкін. Содан реңі өзгеріп шығады. Ақ алтынның құрамының 50%-дан астамы алтын болса және әртүрлі қоспаларды қосқандықтан реңі ағарған болса да, бұл алтын болып есептелінеді. Оны ер адамға тағуға болмайды. Сондықтан металдың реңіне емес, құрамының басым бөлігіне мән беру керек. Басым бөлігі алтын болса, оны ер адамға тағуға болмайды", - деді маман.

Оқи отырыңыз: Бірдеңе жоғалтып алсаңыз, "жарайды, садақа" деу дұрыс па?

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!