Алматы қаласында желмен үрілген шар жарылып, бірнеше адам жарақат алды. Бұрын соңды болмаған оқиға туралы Санжар Әмірханов есімді азамат Facebook әлеуметтік желісі арқылы хабарлады.
Алматы қаласында тұратын жас жанұя кішкене қыздарының туған күнін тойлау мақсатында Тастақ мөлтек ауданында ауамен үрленген 10 шар сатып алады. Әдетте гелиймен ісірілетін шарлар бұл кез қауіпті пропан газымен үрленген екен. Нәтижеде мерейлі туған күн кеші басталмас бұрын бірнеше шар жарылып, жас ана беті мен қолдарының терісі күйген хәлде ауруханаға жеткізілген. Әкесінің жағдайы одан да ауыр екен. Ал балаларына зақым тимеген.
Әзірге шарды пропанмен ісірген адамдар табылған жоқ. Санжар бүкіл қазақстандықтарды болған оқиғаға бейжай қарамауды өтініп, шар алу кезінде мұқият болуды сұрайды.