Ерлі-зайыптылар кішкентай пәтерде тұрмаған жөн. Ал балалары бар немесе көп балалы отбасы мейлінше үлкен үйде өмір сүргені абзал, әйтпесе үйде агрессия мен тұрақты жанжал өршуі мүмкін. Бұл туралы психолог Евгения Александрова айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "mail.ru" сілтеме жасап.
"Үйде әркімнің жеке кеңістігі болуы керек, ересектерде ғана емес, балаларда да! Кез келген адамда өз ойын жинақтап, ойлануы үшін жалғыз болу қажет кезеңдер болады. Ал кішкентай үйде бұл мүмкін болмауы мүмкін, салдарынан депрессия, тітіркенгіштік және мазасыздық сезімі туады", - деді ол.
Кеңістіктің жетіспеушілігі ашуланшақтықты тудырады.
Сонымен қатар, шағын пәтерде өмір сүру өзін-өзі көрсету және бойдағы дарынды дамыту мүмкіндігін шектеуі мүмкін. Бұл әсіресе ойын, оқу және хоббиді дамыту үшін кеңістікті қажет ететін балалар мен жасөспірімдер үшін өте маңызды. Ересектер де жұмыс немесе демалыс орнын табу кезінде қиындыққа тап болуы мүмкін.
Психолог мәселе көбінесе ауданы үлкен шаршы метрде емес, оның қалай бөлініп, орналасқанында екеніне сенімді. Өйткені маман кеңесіне жүгіну арқылы кішкентай кеңістіктің өзінен үлкен болмаса да жеке қалуға орын бөлуге болады.
"Егер қазіргі уақытта отбасыңыздың әр мүшесінің жеке қалуына орын болмай, пәтер тым кішкентай болса, баспананы өзгерту немесе кем дегенде үйдегі заттардың орнын өзгерту туралы ойлануды ұсынамын. Өйткені жеке кеңістіктің болмауы психикаға айтарлықтай әсер етеді. Тұрақты жанжал, өз кезегінде, эмоционалды шиеленіс атмосферасын тудырады, бұл "отбасы" сөзінің мағынасын толығымен бұрмалайды", - деді психолог.
Маман кішкентай үйде тұру жақындардың қарым-қатынасына теріс әсер етпеуі үшін бірге өткізген уақыттың санына емес, сапасына назар аударуды ұсынды. Бір-бірін жақсырақ танып, серіктеске қызығушылық таныту, жағымды отбасылық дәстүрлерді ойлап тапқан дұрыс. Өйткені, пандемия кезінде осы тізімдегі іс-әрекеттің болмауы көптеген келіспеушілікке себеп болған. Серіктестер бір-бірімен қалай қарым-қатынас жасау керегін білмеді.
"Сондай-ақ, бос уақытты үйде емес, сыртта өткізген пайдалырақ. Жарыңызбен жеке де, отбасының барлық мүшесімен де шығуға болады. Әрине, отбасының әр мүшесінің жеке шекарасы мен кеңістігіне құрметпен қарауды ұмытпаған дұрыс", - деп қорытындылады психолог.
Тағы да оқи отырыңыздар: Меңді жұлып алса, не болады?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз