Әлеуметтік желіде Атыраудағы балалар ауылының тәрбиеленушісінің қорқынышты әңгімесі естілетін видео жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Кадрларда Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева бейнебақылау камераларын қарайды. Осы кезде қыздардың бөлмесіндегі белгісіз ер адам байқалады. Мекеме қызметкерлері оның кім екенін айта алмаған.
Осыдан кейін отбасылық типтегі ауылдың тәрбиеленушісі адамшошырлық жайттарды айтады.
"Менде ғана емес. Барлығында дерлік болды... Дәретханаға үлкен дәретке барды. Бізде Медет есімді бала бар. Оны да қорлады. Ол "нәжісті же" деді. Осыдан кейін ешкім Медетпен сөйлескен жоқ", - дейді тәрбиеленуші видеода.
Атырау облысының полициясы бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.
"Шаңырақ" балалар үйіне қатысты Атырау қаласының полиция басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі бойынша тергеу жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.
Атырау облысының білім басқармасы мекемеге прокуратура қызметкерлері келгенін хабарлады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!