- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мұхтар Шаханов
“Шәмші Қалғантабақовпен 16 ән жаздық“. Мұхтар Шаханов ұзақ уақыттан кейін сұхбат берді
Қазақстан халық жазушысы, ақын, драматург Мұхтар Шаханов ұзақ үзілістен кейін сұхбат беріп, Шәмші Қалдаяқов туралы естелік айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов пен режиссер Әли Бидахмет "1001 түн" бағдарламасында қонақ болды. Драматург пен режиссер "Танакөз" туындысы мен оның сахнадағы қойылымы туралы сөз қозғады.
Ақын Мұхтар Шаханов сұхбат барысында Шәмші Қалдаяқовпен достығы туралы айтып берді.
"Шәмші Қалғантабақовпен 16 ән жаздық. Мен әзілдеп, Шәмшіні "Қалдыаяқов - Қалғантабақов" деп атайтынмын. "Ақ бантик", "Кешікпей келем деп ең", "Өмір - өзен" сияқты көптеген әнді бірге жаздық", - деп еске алды ол.
Ақын поэзияның не екені туралы айтып, өнер туралы да сөз қозғады.
"Поэзия дегеніміз - әлемдік деңгейде ешкім айтпаған ойларды айту. Мен "Төрт ана" өлеңін 15 жасымда жаздым. Бір қызығы, осы өлеңім әлемнің көптеген тілдеріне аударылды", - деген ол студияда "Төрт ана" әнін оқып берді.
Мұхтар Шаханов "Танакөзді" сахналап жатқан жас режиссерге алғыс айтып, "Менің жазғанымның бәрі - халықтыкі, тек соны қалай бар, солай жеткізсе болды", - деп батасын берді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева