Шәмші Қалдаяқовтың келіні Ботагөз Қалдаяқова Мәжілістегі комитет отырысында қайын атасына қатысты белгілі спектакль желісі шындыққа сәйкес келмейтінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінде "Креативті индустрияны дамыту" тақырыбында отырыс өтті. Cөз алғандардың бірі - көрнекті сазгер Қалдаяқовтың келіні.
"Еліміздің театрларында жиырма жылдан аса уақыт бойы "Сыған серенадасы" пьесасы қойылып жатыр, мұрагерлердің рұқсатынсыз. Мұрагерлер ол оқиға жайлы бірнеше рет айтылған, нақты айтқанда, Шәмші Қалдаяқовтың сығандардан таяқ жегені шындыққа жанаспайтынын айтты. Осы жерде отырған театр директорларына соңғы мүмкіндік беремін. Екі аптадан кейін оларды сотқа беремін", - деді ол.
Еске салайық, бұған дейін депутат Ринат Зайытов Мәжілістің жалпы отырысында Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға ашық сұрақ қойды.
Ол еліміздегі мәдениет ошақтарына қатысты мәселені көтеріп, "Қара шаңырағымыз "Қазақфильм" қазір талан-таражға түсіп, құруға жақын қалды. Қара шаңырағымыз Абай атындағы опера және балет театрын кейінгі уақытта "ресторан" қылған да деректер бар" деді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!