Париж төрінде сүйіктісіне сөз салып, некесін қидырған танымал блогер Марғұлан Әден "Ozmz ғой" бағдарламасына берген сұхбатында Еуропада үйленуге ұсыныс жасауға қанша қаражат кеткенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогер алдымен ұсыныс жасауға қалай дайындалғанын әңгімеледі.
"Қарашада үйленуге ұсыныс жасадым. Әйелімнің менің болашақ жарым екенін жазда түсіндім, сосын жоспарлап бастадым. Қыркүйектің аяғында "Еуропаға тур" деген жазумен визитка бердім, "бұл сыйлық, барып қайтайық" дедім. Ол шок болып, "бұл қалай болады екен?" деді, ата-анасына айтты, бәрі таңғалды. Бірақ мен ұсынысты үш айдан кейін жасайтын едім, жай алдын ала беріп қойдым. Менде сезіп қоймасын, ұмытып кетсін деген ой болды. Бірақ берген визитканың ішіне сақинаның суретін салдым және "маған тұрмысқа шықшы" деген сөзді француз тілінде жазып, екі белгі қалдырдым. Ол оны байқамады да.
Біз негізі шамамен 4 жылдай таныспыз, ал қыз бен жігіт болып сөйлесіп бастағанымызға жарты жылдай болды. Ұсынысты Еуропаға барғаннан үш күннен кейін жасадым. Кішкене қиындау болды, жігіттер әзілдеп жүріп, білдіріп қойды. Әуежайдан шыққан кезімде Тұрармен сөйлесіп отырдым, бір уақытта Тұрар "ұсыныс жасадың ба?" деп сұрап қалды. Маған бұны қызым естіп қойғандай көрінді, сөйтсем естімей қалыпты, яғни аса мән бермеген. Ұсыныс жасап, Еуропаны аралап келуге шамамен 2 миллион теңгедей кетті", - деді блогер.
Еске салайық, бұған дейін Париж төрінде сүйіктісіне сөз салған блогер әуелі болашақ қайын атасының разылығын алғаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Батаяқ деген не?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!