Шамалған ауылында ер адамды педофил деп ойлап қаоып, соққыға жыққан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Алматы облысы полиция департаментіне сілтеме жасап.
Мұның алдында әлеуметтік желіде видео тараған еді. Шамалған ауылының тұрғындары "педофилді" қылмыс орнында ұстадық" деп айтқан. Кадрлардан соққыға жығылған ер адамның жерде жатқанын көруге болады. Кейін ер адамды полиция алып кеткен.
Ескерту! Видеода боқтық сөздер бар!
Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсінік берді.
Оқиға 2 қаңтарда болған. Қарасай аудандық полиция басқармасына Шамалған ауылының 34 жастағы тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, мас ер адам жер үйдің ауласына кіріп, кәмелетке толмаған қызын қорқытқан.
"Өтінішті сол күні аудандық полиция тіркеді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 1998 жылы туған П. есімді азамат ұсталды. Ол мас күйде көшеге шығып, арызданған кісінің қоршалмаған үйі арқылы жолды кесіп, жолды қысқартпақ болған. Осы кезде кәмелетке толмаған қыз қорқып, туыстарын шақырған, олар мән-жайды білмей, денесін жарақттаған", - деп хабарлады полиция.
Қазір процессуалдық сараптама аяқталды. Ұсталған азаматтың қылмыс жасауға ниеті болғаны анықталмады.
"Ол арыз жазудан бас тартты, бұл фактіні де аудандық полиция тіркеді", - деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!