- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Шалқардан 20 шақырым...
Шалқардан 20 шақырым жерде болған су тасқыны: қазіргі ахуал қандай?
18 наурызда сағат 22:00-де А-26 Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз республикалық тас жолының 232-233-шақырымында (Шалқар қаласынан 20 шақырым жерде) еріген су тасыды. "ҚазАвтоЖол" АҚ апатқа байланысты кейінгі мәліметтерді берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мұнай құбырына қызмет көрсетуге арналған инженерлік жолдың сол жағында орналасқан параллельді жол арқылы жол төсемінен асып, еріген судың пайда болуынан жолдың төмен орналасқан бөлігін су басып, салдарынан су тасқыны болды. Жол бетіндегі еріген судың ені – 15 метр, биіктігі – шамамен 3-5 сантиметр. Бұл аумақта 3 (үш) су құбыры бар, су құбырлары толықтай жұмыс істеп тұр", - делінген хабарламада.
Су тасқынын жою үшін "ҚАЖ сервис" ЖШС (ЖПБ-13 Шалқар) Ақтөбе филиалының 15 жол жұмысшысы шұғыл жұмылдырылды, алты бірлік арнайы техника, жергілікті мекемелерден (Теміржол мекемесінен) 20 адам, бір бірлік техника көмекке жіберілді. Жолды жиегін нығайту үшін 2 600 қап құм және 1 200 тонна құм төселді, қазір қосымша 3 000 қап дайындалып жатыр.
2024 жылғы 19 наурыз сағат 22:00-де жағдай бойынша, бұл учаскеде шектеу жоқ, көліктер кедергісіз қозғалып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан