Алматылық қыз танымал такси сервисі арқылы тапсырыс беріп, келеңсіз жайтқа тап болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жолаушы қосымша арқылы Алматыдан Қонаевқа таксиге тапсырыс берген. Жүргізуші жолда тағы адамдар алатынын айтып, жолаушыны алдыңғы орынға отыруды сұраған. Алайда жолда адам алмаған.
Жолаушы тапсырыс берген жеріне жете алмаған. Ол жүргізушіден көлікті тоқтатуын сұрап, түсіп қалған. Себебі, жолаушының сөзінше, такси жүргізушісі шалбарын шешіп, жыныс мүшесін шығарып, ұятсыз әрекеттер істей бастаған. Бұл жайтты жолаушы видеоға түсіріп алған.
"Шалбарыңызды киіңізші. Өзімді жайсыз сезініп тұрмын. Жоқ әлде зорлық әрекеттерін жасамақсыз ба? Мен көлік нөмірін суретке түсіріп, жіберіп қойдым. Неге олай істеп отырсыз?" - дейді жолаушы қыз видеода.
Жолаушы сервис қызметімен байланыса алмаған. Енді ол полицияға арыз жазбақ.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!