- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Шалбарымды шешіп тастады"....
"Шалбарымды шешіп тастады". Алматы маңындағы ауылда жағаұстатар жайт болған
Алматыдан қырық шақырым жердегі Қасымбек ауылында 8 жастағы бала зорланған. Ауыл тұрғыны "Астарлы ақиқат" бағдарламасына жүгінген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бағдарлама мәліметінше, Александра есімді әйел 2 жыл бұрын қаладан 3000 мыңға жуық адам тұратын Қасымбек ауылына көшкен. Құрылысқа икемі бар Александра отбасын жалғыз асырап отыр. Жағаұстатар жайт болған күні де жұмыста болған. Ал жұмыстан үйге қайтқан кезде жолдан жыларман болған баласын көрген. Оның сөзінше, 8 жастағы ұлын 11 және 14 жастағы екі бала зорлаған.
"23 наурызда сағат 5 шамасында үйге қайтып келе жатқан едім. Басы төмен салбырап, келе жатты. Баламнан не болғанын сұрадым. Балам жаныма жақындап, не болғанын айтып берді", - дейді ол.
Оның баласы былтыр ғана мектепке барған. Әйелдің сөзінше, балаға қорлық көрсеткен - сол мектептің оқушылары.
"Балам "анашым, шалбарымды шешіп тастады. Олар менің қолымнан ұстап, еңкейтіп тұрып, бірі басымды ұстады. Екіншісі қорлады" деді. Ауыл кішкентай. Бәріміз бір-бірімізді жақсы танимыз, бөтен адамдар емес", - дейді әйел.
Оның айтуынша, үйде мұндай әңгіме мүлде қозғалмайды. Сондықтан бала шын мәнінде не болғанын, "жақындасудың" не екенін білмейді.
Сондай-ақ, әйел баласы оқиға қай жерде болғанын да айтып бергенін жеткізді. Оның сөзінше, бала футбол алаңына барған. Сол жерде 11 және 14 жастағы екі баланы кездестірген. Балалар дүкеннен сусын, тіскебасар сатып алып, 8 жастағы жасөспірімді өзенге шақырған. Әйелдің айтуынша, бала оларға сенген.
"14 жастағы бала ішкиімін шешіп алған. Ал жанындағысы зорлаған", - дейді әйел.
Мектеп басшылығының айтуынша, бұл жағдай демалыс кезінде болған. Жәбірленді деген бала қазір үйден оқып жатыр екен. Ал білімі өкілдері күдікке ілініп отырған балалар сабаққа келіп жүргенін жеткізді. Бірақ кінәлі танылып отырған бір тарап баланың жазығы жоқ екенін айтып отыр.
Александра полицияға да арыз жазған. Бірақ ол ешқандай өзгеріс жоқ екенін мәлімдеді.
Сонымен қатар, Жамбыл аудандық Полиция департаменті бастығы Асхат Даниярұлы сот-медициналық сараптама тағайындалғанын, екі баланы арнайы интернатқа жіберу туралы өтініш құзырлы органдарға жолданғанын мәлімдеді.
Ал ашынған ана жағдайды аяғына дейін жеткізуге ниетті екен. Бағдарлама да бұл мәселені соңына дейін қадағалайтындарын хабарлады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова