Белгілі әнші Заттыбек Көпбосынұлы тікелей эфирде бағдарлама жүргізушісіне құны қымбат тұратын сағатын Ұйқым келмейді бағдарламасында сыйлады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бағдарлама тізгінін ұстаған танымал әзілкеш Ғалым Махамбетов әншінің образын мақтап, көзі сағатқа түскенін жеткізді. Өз кезегінде әнші Заттыбек Көпбосынұлы қол сағатын шешіп берді.
"Шалбарымды шешіп бере алмаймын. Бірақ сағатқа көзің түсіп отыр екен, өзіңе сыйладым. Қазақ көзі түскен нәрсені беріп жіберген. Игілігіңе тақ", – деді ол.
Мұндайды күтпеген бағдарлама жүргізушілері абдырап қалды.
"Енді тек сіздің ғана әндеріңізді тыңдаймын. Құны 3000 АҚШ доллары тұратын сағат менде ғана бар", – деді әзілкеш Ғалым Махамбетов.
Сондай-ақ, Заттыбек Көпбосынұлы әнші Ақбота Керімбековамен құда болғысы келетінін де айтып қалды.
"Бір тойда қызыма Ақбота сырға сыйлаған. Қызым дүниеге келмей тұрып, "құда болғым келеді сенімен" дейтін Ақбота. Сол тілегі қабыл болды", – дейді әнші.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!