Қарағанды облысында екі адам құдыққа құлап кеткен. Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, Шахтинск қаласында Парковая көшесіндегі дүкен аумағында тазалау жұмыстарын жүргізу кезінде 1957 және 1960 жылы туған екі ер адам құдыққа құлап кетіп, өздігінен шыға алмай қалған.
"Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері құтқару жұмыстарын жүргізіп, зардап шеккендерді септиктен шығарып алып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды", - деп жазылған хабарламада.
Азаматтар Шахтинск қаласының орталық ауруханасына жеткізілді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова