Шахтерлердің зейнет жасы төмендей ме? Министр жауап берді

Шахтерлердің зейнет жасы төмендей ме? Министр жауап берді
Фото: ru.freepik.com

Еліміздегі шахтерлердің зейнетке шығу жасы төмендей ме? Бұл сұраққа еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Күні кеше ғана мен жұмыс берушілермен кездестім. Бүгін тағы бір рет бас қосуымыз керек. Жақында біз белгілі бір шешімге тоқталамыз деген сенімдемін", - деді министр.

Жауапты шенеунік қоғамда талқыға түскен осы мәселеге байланысты кез келген уақытта келісімге келуге әзір екенін мәлім етті.

"Мен ертең-ақ белгілі келісімге келуге дайынмын. Алайда бұл тақырыпта біздің серіктестеріміздің де пікірі маңызды. Айдың соңына қарай аталған мәселенің нәтижесі белгілі болып қалады деген ойдамын", - деді Тамара Дүйсенова.

Айта кетейік, Қазақстанда шахтерлердің зейнет жасын төмендету мәселесі былтырдан бері қоғамда кең талқыланып келе жатыр.

Зейнетақы жинағының 50 пайызын алуға болатыны рас па?

Азамат Қойшығара

А. Жапатова
Logotype Massaget