Шахматшы қыздарға Қазақстанның “Еңбек сіңірген спорт шебері“ атағы беріледі

Шахматшы қыздарға Қазақстанның “Еңбек сіңірген спорт шебері“ атағы беріледі
Фото: баспасөз қызметі

Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы 45-ші Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айта кетейік, Олимпиада Мажарстан астанасы Будапеште өтіп жатыр.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, қазақстандық қыздар соңғы турда АҚШ-пен 2-2 есебімен тең түсіп, 18 ұпай жинады. Ал Олимпиаданың фавориті Үндістан әйелдер мен ерлер арасындағы жарыста алтын медаль еншіледі.

Әйелдер құрамасында Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Әмина Қайырбекова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрман бар. Олимпиадада 1-2 орын алған ойыншыларға "Еңбек сіңірген спорт шебері" атағы беріледі.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Ибраева