Шағын ГЭС-тер тарифтi төмендетедi

Шағын ГЭС-тер тарифтi төмендетедi
Фото: alashainasy.kz

Елбасы Н.Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында электр энергиясы тарифiн төмендету бойынша Үкiметке бiраз тапсырма жүктеген болатын. Осы мiндеттi iске асыру мақсатында «Шымкент» әлеуметтiк-кәсiпкерлiк корпорациясы» ұлттық компаниясы акционерлiк қоғамы шағын гидростансалар салу жобаларына инвесторлар тарта бастады. Бұл туралы «Шымкент» ӘКК» ҰК АҚ басқарма төрағасы Т.Алпысбаев өңiрлiк коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте мәлiмдедi.

Оның айтуынша, бүгiнде облыста Боралдай, Ақсу, Келес, Жабағылы өзендерiнде шағын гидростансалардан электр энергиясын өндiру жобалары жүзеге асырылуда. Соңғысы келесi жылы iске қосылады. Ол – Түлкiбас ауданындағы қуаты 4 МВт, бағасы 6 млн. АҚШ доллары болатын «Endustriyel Elektrik» түрiк компаниясымен бiрлескен кәсiпорынның шағын ГЭС-i.

Баяндамашы келтiрген мәлiметтерге сүйенсек, Оңтүстiк Қазақстан облысы орта есеппен бiр айда 400 МВт электр энергиясын тұтынады. Электр қуатының 286 МВт сырттан тасымалданса, қалған 114 МВт өзiмiзде өндiрiледi. Ол шамамен бiздiң облыс тұтынатын электр қуатының 29 пайызын құрайды. Т.Алпысбаевтың пiкiрiнше, бұл көрсеткiштi өсiруге әбден болады. Ол үшiн өзендер бойына шағын гидростансалар салу қажет. «Шымкент» ӘКК» ҰК АҚ басқарма төрағасы өңiрдiң 4 негiзгi өзенiнде гидроэнергетикалық кешен тұрғызуға болатын 43 әлеуеттi нүкте анықталғанын, олардың жиынтық қуаты 120 МВт-ға тең екенiн атап өттi.

– Әрбiр үй шамамен 5-10 кВт электр энергиясын жұмсайды. Демек, 1-8 МВт электр қуатын беретiн шағын ГЭС-тер 100 үйдi жарықпен қамтамасыз ете алады. Гидростансалардың пайдасы – олардан алынатын электр қуаты арзан болады. 1 киловатқа тұтынушы небәрi 9-12 теңге төлейдi. Ал, күн, жел секiлдi энергияның баламалы көздерiнен алынған қуат бағасы судың күшiмен өндiрiлген энергияға қарағанда 3-4 есе қымбат тұрады. Сондықтан шағын гидростансалар жобаларының келешекте тариф саясатына оңды әсерiн тигiзерi сөзсiз, –дедi корпорация басшысы.

Брифингтi осылайша қорытындылаған ол жергiлiктi кәсiпкерлердi облыстың гидроэнергетика саласына инвестиция салуға шақырып, журналистердiң сауалдарына жауап бердi.

Әнуар ЖҰМАШБАЕВ

T. Кіршібаев