Әнші Нұржан Қалжан "Отбасы альбомы" бағдарламасында шаңырақ көтергеніне 12 жыл толғанын айтып, әйелінің өзіне қалай қолдау көрсететінін жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өнер иесі әйелі мен қызының өзіне шабыт беретінін айтты.
"Кейде әннің монтажы таңғы сағат 3-те, 5-те бітеді. "Тамақ дайындап, шай қоя беріңдер" деймін ғой екеуіне. Сонда бірден "ән бітті ме?" деп сұрайды. Біткенін естісе, есіктің алдында күтіп тұрады. Менімен бірге көлікте бірнеше рет тыңдайды. Маған шабыт береді", - деді ол.
Әншінің жұбайы ән шыққанша күтетінін жасырмады.
"Ән шыққан кезде, күшті сезім болыпты. Он ән әкелсе, оның екеуі бізге өтеді. Ол дайын болғанша, күтеміз. Сосын ол әнді таңға дейін тыңдаймыз. Керемет шықса, қуанамыз. Таңда келсе де, дастарқан дайындаймын. Сосын арқа-жарқа болып, шай ішеміз. Барынша қолдауға тырысамын. Өнер адамына қолдаудан басқа көп нәрсе керек емес қой" - деді Нұржан Қалжанның жұбайы.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!