- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Іші сұмдық". Астанада...
"Іші сұмдық". Астанада өртенген тұрғын үй кешенінің тұрғыны пәтерін көрсетті
Астанадағы "Хан шатыр" ауданындағы кеше өртенген тұрғын үй кешенінің тұрғыны пәтерінің ішін көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ғимараттың сыртқы қаптамасы қатты бүлінген. Ал ішіндегі жағдай туралы жергілікті тұрғын айтты. Карина Жұмағалиеваның пәтері тұрғын үй кешенінің қатты түтіндеген тұсында. Ол күйеуі, балаларымен бірге 22-қабатта тұрады. Бұл отбасы биыл қаңтарда осы пәтерге Атыраудан көшіп келген.
"Бізге күндіз хабарласты. Біз үйде емес едік. Бірден шығып кеттік. Келе жатып, түтінді көрдік", - деді Карина.
Ол оқиға орнына барғаннан кейін басқа көршілері жанып жатқан ғимараттан қатты түтінде баспалдақпен жаяу эвакуацияланғанын білген. Олардың көпшілігі 24-25-қабаттарда тұрады.
Көршілеріміз баспалдақпен өздері қашқанын айтты.
"Іші сұмдық. Біздің жағымыздағы бүкіл қасбеті өртеніп кеткен, бөлмелерде әйнектер сынған, қара түтін тұр", - деді қала тұрғыны.
Өрт сөндірілгеннен кейін заттары мен құжаттарын алуы үшін тұрғындар ішке кіргізілген. Каринаның айтуынша, ТЖД қызметкерлері кіргендердің тізімін жинаған, барлығы полицейлермен барған.
"Біз әзірге 1-2 күнге заттарымызды алдық. Қайда баратынымызды білмейміз. Бақытымызға орай, көлік бар. Автотұрақтағы көршілердің көліктері кептелісте тұрып қалды, оларды лифт арқылы өткізбейді", - деді Карина.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова