Желіде “холера” вирусы тарап жатқаны туралы видео пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тұрғали Рүстем есімді дәрігер өзінің желідегі парақшасында іш өту, дене қызуы, құсу секілді белгілермен көптеген науқастардың ауруханаға түсіп жатқанын айтады.
Тырысқақ - бұл дегидратацияға, олигурияға және тамыр жеткіліксіздігіне әкелетін, диареяны тудырып, токсин бөлетін ащы ішектің инфекциясы. Холера, вибрион деп те аталатын ішек таяқшасы жұқпалы ауру инфекциясы организмге түскеннен кейін диарея, құсу болып, дене қызуы көтеріледі. Салдарынан сусыздану, яғни тұз бен судың балансы бұзылады.
Жаз мезгілінде бұл аурудың көбею себебі, жуылмаған көкөніс, қайнатылмаған су мен таза емес қол болуы мүмкін. Қарбыз, қауын, қызанақ сияқты жаздық көкөністерді жеген кезде, сыртын міндетті түрде жақсылап жуу қажет.
@_turgali #тургали #крашкараганды #медики #врек ♬ оригинальный звук - КрашКараганды✨✨/ Тургали ??
Маман, аурудың адам организмі үшін өте қауіпті екенін және тезірек қажетті ем алу керегін айтады.
“Бұл ауру сырт көзге қарапайым болып көрінгенімен, организм үшін өте қауіпті. Егер дұрыс емделмейтін болса, науқас 2 күн ішінде қайтыс болуы мүмкін” - дейді Тұрғали Рүстем.
Еміне келер болсақ, тұз бен су балансын қалпына келтіру үшін, көп мөлшерде су, натрий хлориді, қайнатылған су мен тиісті препаратты ішу керек.
Дәрігердің видеосының астына “Ия, менің ішім ауырып, қызуым көтеріліп жатыр”, “Мәссаған, менде де осындай болып жатыр, жақпайтын бірнәрсе жегем деп жүрсем”, “Бәсе, мен неге ауырып жүрмін десем вирус екен ғой”, “Иә, ауырдым” -, деп жазып жатқан халық көп.
Дәрігер “Eң бастысы қолдарыңызды мұқият жуып, жейтін тағамдарыңызға абай болыңыздар” деп кеңес берген
Балнұр Жумаділла
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!