- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Іш қатудан арылуға...
Іш қатудан арылуға көмектесетін 4 жаттығу
Қозғалыс адамға көптеген себеппен қажет. Алайда заманауи әлемде көпшілік аз қозғалысты өмір салтын сақтайды. Әдетте алдымен кеңседе отырамыз, содан соң үйге дейін көлікте отырып барамыз және үйге келген соң диванда отырып демаламыз. Егер адам оған қоса дұрыс тамақтанбаса, оның созылмалы іш қатуға шалдығу қаупі жоғары. Бірақ ішек жұмысын кейде дәрілерсіз ретке келтіруге болады. Ол үшін өміріңізге белсенділік қосуыңыз керек. Эндокринолог Зухра Павлова өзінің телеграм-каналында іш қатудан арылуға көмектесетін бірнеше жаттығу түрілерін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жүгіру
Жүгіру кезінде ағза қанды асқорыту жүйесінен бұлшықеттерге жібереді, соның себебінен тоқ ішекке қанмен қамтамасыз ету жетіспейді. Сондай-ақ қарқынды жүгіру ішектегі барлық нәрсені сыртқа шығарып жібере алады. Егер енді жүгіріп бастап жатқан болсаңыз, өзіңізге көп күш салмаңыз. Қысқа шақырымдардан бастаған жөн. Уақыт өте оны ұзартуға болады.
Жеңіл кардио
Жаттығудың бұл түрі спортзалға абонемент ала алмай жүрген адамдарға да келеді. Кардионы қарапайым жаяу жүру және велосипед тебу алмастыра алады. Кардиожүктеме кезінде жүрек жиырылуының жиілігі артады. Соның себебінен кардиожаттығулар асқазан-ішек жолын ынталандырады. Зухра Павлова жеңіл аэробты белсенділікпен аптасына 150 минуттан кем емес айналысу керегін айтты.
Шынтақ тіреп төрттағандап тұру және бұралу
Асқазан-ішек жолы моторикасы қалыпты болуы үшін іш бұлшықеттері өте маңызды. Бұлшықеттер қаншалықты мықты олса, олардың жиырылуы іш қуысындағы қысымды соншалықты арттырады және соншалықты асқорыту жақсы жұмыс істейді. Асқазанға түсетін қысымды арттыру үшін бүгілу және бұралу жаттығулары жақсы келеді. Ал шынтақ тіреп төрттағандап тұру ішастардағы қысымды арттыруға көмектеседі.
Йога
Йога тыныштандырушы және тыныс алу жаттығуларының арқасында парасимпатикалық жүйке жүйесін белсенді қылады. Ағза босаңсығандықтан, асқорыту дұрыс жұмыс істей бастайды. Йога әсіресе тітіркенген ішек синдромы бар адамдардағы іш қатуды жеңілдетуге пайдалы. Асқазан-ішек жолы жұмысы жиі күйзеліспен, мазасыздықпен және депрессиямен байланысты.
Оқи отырыңыз: Іш қатумен қиналасыз ба? Іш өткізетін 5 табиғи өнім