Жыл сайын тамызда Алматыда пәтер бағасы бірнеше есеге өседі. Биылғы жағдай қандай? Massaget.kz тілшісі қазіргі ахуалға шолу жасап, сарапшымен сұхбаттасты.
Баға қалай өзгеретінін анықтау мақсатында өткен айда танымал сайттардың біріне шолу жасадық. Жоғары оқу орындарына жақын немесе жету оңай, қауіпсіз шағынаудандардағы пәтерлерге басымдық берілді.
Айта кетейік, бағасы 60 мың теңгеден басталатын пәтерлер де табылды. Дегенмен мұндай пәтерлердің жағдайы тым нашар немесе тым алыста орналасқан.
Наурызбай, Алатау, Түрксіб ауданында орналасқан пәтерлер 150 мың теңге шамасына бағаланған.
Алмалы ауданы Тастақ-3 шағынауданында орналасқан, 21 шаршы метрлі пәтер 160 мың теңгеге бағаланған.
Қаладағы белді жоғары оқу орындарына жақын орналасқан арзан пәтерлер байқалды, дегенмен бұрынғы жатақханаларда орналасқан. Мұндай жағдай Әуезов ауданындағы пәтерлерге де қатысты.
Ал Бостандық ауданында 1, 2 бөлмелі пәтерлердің бағасы әртүрлі. 160 мың теңгеден де, 200 мың теңгеден де бағаланғандары бар.
Алматылық студенттер көбіне Бостандық, Алмалы, Әуезов аудандарынан пәтер жалдағанды құп көреді, оған қоса бірнеше адам бірігіп жалдайтынын ескергенде, әдетте 2 бөлмелі пәтерлер сұранысқа ие. Сонымен шілдеде баға мынадай болды:
Қазіргі пәтер бағаларына қатысты да танымал сайтқа шолу жасадық. Негізгі көздегеніміз - Алмалы, Әуезов, Бостандық аудандарындағы пәтерлер.
Пәтердің ауданын, жағдайын ескергенде, мұндай бағадағы пәтерлер студенттерге қолайсыз екені түсінікті.
Ал бұл аудандағы ең қымбат пәтер - 1 миллион теңге.
Бұл ауданда 1,2 бөлмелі пәтер бағалары осы аралықта өзгере берген.
Ал ең қымбаты 600 мың теңгеге дейін жетеді. Баға осы аралықта өзгере беретіні байқалды.
Ал ең қымбат пәтер бағасы - 1 миллион 800 мың теңге.
7 жылдан аса уақыт тұрғын үй саласында жалға алу, жалға беру, жылжымайтын мүлікті сату-сатып алу қызметтерін көрсетіп жүрген білікті маман Шынар Алашбаева Алматыда қазір пәтер бағасы қандай екенін айтты.
"Өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай өсті. Баға ешқашан түскен жоқ. Тек жыл сайын қымбаттап жатыр. Жұрт баға түседі деп күтеді, өкінішке қарай, сұраныс та жоғары, баға да жоғары. Бұл қаланың аудандарына да байланысты. Мысалы, Әуезов ауданындағы 1 бөлмелі пәтерлер 150 мың теңгеден басталып 250 мың теңгеге дейін жетеді. Орталықтан, Алмалы, Бостандық, Медеу аудандарынан алатын болсақ, 1 бөлмелі пәтерлердің бағасы 200 мың теңгеден асады. Кейде 450 мың теңге дейін жетеді. Ал шет аудандардан 120, 130 мың теңгеге табуға болады. Шет жақтарда уақытша үйлер, жатақхана типтес үйлерден бөлмелер табылады. Олардың бағасы арзанырақ, 60-80 мың теңге арасында. 2-3 бөлмелі пәтерлердің құны да аудандарға байланысты. Орташа 350-400 мың теңгеден басталады. Ең қымбат тұрғын үй кешендерінде баға 1 миллион теңгеден асады", - деді сарапшы.
Маман Алматыда Алмалы, Бостандық, Медеу аудандары негізінен сұранысқа ие екенін, дегенмен кейінгі кезде Әуезов ауданы да бұл қатарға қосылып келе жатқанын жеткізді. Өйткені аудан аумағынан метро өтеді және қоғамдық көліктер жақсы жүреді.
Сарапшы пәтер бағасы өсуіне қандай факторлар әсер ететінін атады.
"Өмір сүру құны қымбаттауы пәтер бағасына да әсерін тигізбей қоймайды. Ең маңыздысы - инфрақұрылым мен қоғамдық көліктің жақын жерден жүруі. Дүкен, оқу орындары, мектептер, балабақшалар жақын болуына байланысты сұранысқа ие орталық аудандарда баға жоғары. Үйдің жағдайына да байланысты. Шаршы метрі үлкен, жөндеу жұмыстары жақсы жасалған болса, қымбат болады", - деп түсіндірді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрлігі 104 жоғары оқу орнында 93 367 орындық 264 жатақхана бар екенін, дегенмен әлі де 19 174 орын жетпейтінін мәлімдеген еді.
Еске салайық, былтыр да Алматы мен Астанадағы пәтер жалдау бағасы туралы арнайы материал әзірлеген едік.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!