Қазақстандық сейсмологтар Қытайда жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмология институтының мәліметінше, 18 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 15:01-де ҰМҒТСО ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.
"Жер сілкінісінің ошағы Қытайда, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 371 шақырым жерде орналасқан. Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеген", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, 18 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 03:01-де сейсмологтар Қытай мен Қазақстан шекарасында да жер сілкінісін тіркеген. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 576 шақырым жерде орналасқан. Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілген жоқ (MSK-64 шкаласы бойынша).
Еске салайық, 15 желтоқсанда кешке Алматыдан солтүстікке қарай 88 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелген болатын. Есептелген қарқындылығы:
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!