Сейсмологтар Қытайда жер сілкінісін тіркеді

Сейсмологтар Қытайда жер сілкінісін тіркеді
Фото: depositphotos.com

Қазақстандық сейсмологтар Қытайда жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмология институтының мәліметінше, 18 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 15:01-де ҰМҒТСО ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді.

"Жер сілкінісінің ошағы Қытайда, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 371 шақырым жерде орналасқан. Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеген", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 18 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 03:01-де сейсмологтар Қытай мен Қазақстан шекарасында да жер сілкінісін тіркеген. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 576 шақырым жерде орналасқан. Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілген жоқ (MSK-64 шкаласы бойынша).

Еске салайық, 15 желтоқсанда кешке Алматыдан солтүстікке қарай 88 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелген болатын. Есептелген қарқындылығы:

  • Қонаев қаласы - 3,0 балл,
  • Алатау қаласы (Жетіген) - 2,0 балл,
  • Күрті ауылы - 2,0 балл.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек