- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сейсмология институты: дүрбелеңге...
Сейсмология институты: дүрбелеңге себеп жоқ
Фото:
Tengrinews.kz
Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев алматылықтарға үндеу жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Алматының тұрғындары мен қонақтарына жақын арада қатты жойқын жер сілкінісі болмайтынына сендіргім келеді. Сейсмикалық оқиға Қытай мен Қырғызстан аумағында болды. Алматы, Алматы облысының, ішінара Жетісу облысының тұрғындары сезінген дүмпулер ҚХР мен Қырғызстан аумағында болған қуатты оқиғаның афтершокы.
Қазіргі уақытта 10-нан аса жер сілкінісі тіркелді, оның ішінде біздің тұрғындар тек екеуін ғана сезінді. Дүрбелеңге ешқандай себеп жоқ", - деді Сәрсенбаев.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова