6 қарашада Сеул қаласының орталығында пойыз рельстен шығып, 30 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Yonhap басылымы.
Басылым мәліметінше, пойызда 275 жолаушы болған. Ол Солтүстік Чолла провинциясында орналасқан Иксан қаласына (Сеулден 18 шақырым қашықтықта орналасқан) бара жатқан.
Рельстен шыққан 6 вагонның бесеуі жолаушылар вагоны болған. Бұл оқиғаға байланысты осы желі арқылы өтетін пойыздар бір сағатқа тоқтатылды.
Апат себебі анықталып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!