- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сеулде қаза тапқан...
Сеулде қаза тапқан қазақстандық студенттің жерлеу рәсімі өтті
Сеулде Хэллоуин мерекесін тойлау кезінде қаза тапқан қазақстандық қыз Ақтөбеде жерленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Марқұмның әпкесінің айтуынша, Мәдинаның денесі Алматыға 3 қарашада жеткізілген.
"Ұзаққа созылып кетті деп қатты уайымдадық. Бейсенбіде Мадинаның денесі Алматыға жетті. Оның қасында бір түн болдық. Сенбі таңертең жерледік", - дейді әпкесі.
Еске салайық, 29 қазанда түстен кейін 100 мыңға жуық адам Хэллоуиннің алғашқы демалысын атап өту үшін ойын-сауық ауданында болған. Осылайша, қысым салдарынан 50 адамның жүрегі тоқтап қалған.
Хэллоуинді тойлау кезінде 156 адам қайтыс болып, 82 адам жараланғаны хабарланған болатын. Қаза тапқандар ішінде қазақстандық қыз бар.
Бұған дейін СІМ өкілдері Сеулде Хэллоуин мерекесі кезінде қаза тапқан қазақстандықтың денесін елге жеткізу үшін қаражат жинағандарға жауап берген еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек