- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Сеулде Хэллоуинді тойлау...
Сеулде Хэллоуинді тойлау кезінде қазақстандық қаза болған
Сеулде Хэллоуинді тойлау кезінде қазақстандық қаза болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сеул қаласының жедел штабы мен полициясының мәліметінше, Итэвон ауданындағы қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандар арасында 1996 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы болған. Ол - Ақтөбе облысының тумасы. Қазақстан азаматы Корея Республикасында жоғары оқу орындарының бірінің студенті болған.
"Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан адамның туыстарымен байланыста, құжаттар ресімделіп жатыр және мәйітті Қазақстанға жөнелтуде барлық қажет көмек көрсетіледі", - делінген Сыртқы істер министрлігі хабарламасында.
Айта кетейік, сенбіде түстен кейін 100 000-ға жуық адам Хэллоуиннің алғашқы демалысын атап өту үшін ойын-сауық ауданында болған. Осылайша, қысым салдарынан 50 адамның жүрегі тоқтап қалған. Кейін қаза болғандар саны артқаны белгілі болды.
Еске салайық, бұған дейін Сеулде Хэллоуинді тойлау кезінде 151 адам қайтыс болып, 82 адам жараланғаны хабарланған болатын. Сондай-ақ, СІМ өкілі Сеулде зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат жоғын мәлімдеген еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова