Сеулде кемінде 50 адам Хэллоуин мерекесіне арналған шара кезінде қысылып, қаза болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Sky News басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, қаза болғандардың көбі жүрегі тоқтап қалған. Желіде оқиға орнынан түрлі видео тарады.
Видеолардан қаза болғандар тратуарда жатқанын, ал өзге адамдар оларға жасанды тыныс алдыру жасап жәрдемдесіп жатқанын көруге болады. Жансақтау орталықтарындағы мамандардың сөзінше, оларға демікпе болып жатқанын айтып, 81 адам хабарласқан. Ал Ұлттық өрт сөндіру басқармасы өкілдерінің мәліметінше, кемінде 100 адам зардап шеккен. Бүгінде оқиға орнында 400-ге жуық құтқарушы жұмыс істеп жатыр.
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ель үкіметке жарақаттанғандарға жедел көмек көрсетуді тапсырды. Сеул мэрі О Се Хун Еуропаға жоспарланған кездесуінен Кореяға оралған.
Ал Toronto Star мәліметінше, адамдар жергілікті барға елдегі танымал адам келгенін естіп, дүрлігіп, қысылыса бастаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!